6 Маусым 2025, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 510.19 ₸
    EUR EUR 582.79 ₸
    RUB RUB 6.46 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Басымды жерге ұрды, тістеді». Ақнәрмен пәтерде болған екінші қыз – Рана мәлімдеме жасады

    2 Маусым, 2025
    «Басымды жерге ұрды, тістеді». Ақнәрмен пәтерде болған екінші қыз – Рана мәлімдеме жасады

    Қайғылы жағдайда қаза тапқан Ақнәр Хамитпен сол күні пәтерде бірге болған екінші қыз – Рана әлеуметтік желіде видео мәлімдеме жасады.

    Ол өзінің аты-жөнін ашық айтып, оқиға барысын егжей-тегжейлі баяндады.

    Менің атым Рана. Жасым 21-де. Қазір КИМЭП университетінің 4-курс студентімін. Бұл видеоны түсіруімнің себебі – қазір көптеген хабарларда Ақнәр Гүлістанның өлімі туралы анасы мені және Дидарды кісі өлтіруші деп айыптап жатыр. Бұл шындыққа сай келмейтінін айтқым келеді, – дейді ол. Оның айтуынша, Ақнәрмен де, Дидармен де КИМЭП-те танысқан, Ақнәрмен бірге оқыған.

    Рананың сөзіне қарағанда, олар әуелде өте жақын достар болған. Кейінірек Ақнәр басқа жігітпен жүре бастаған. Рана анасының жол апатынан қайтыс болуына байланысты қатты күйзелгенін де жасырмады.

    2024 жылы мамырдың 20-сы күні менің анам жол апатынан қайтыс болды. Сол кездері мен қатты күйзелісте жүрдім. Сол үшін екі құрбым маған хабарласып келді. Көңіл сұрады. Анамның қырқын өткізгеннен кейін мен Алматыға қайтып келдім. Оқуымды жалғастырдым, – деп қосты ол.

    Қайғылы оқиға болатын күні, яғни 18 шілдеде, Ақнәрдің өзі Дидарға хабарласып, екеуі Ранамен кездесуге келіскен.

    «Сенен көңіл сұрайық» деп оны Қытай мейрамханасына шақырған. Көп тамаққа тапсырыс беріп, көңіл көтеру үшін Дидардың үйіне барған. Рана ол кештің қалай басталып, қайғылы аяқталғанын бүкпесіз баяндады. «Ақнәр алкоголь сатып алуды ұсынды. Біз де келістік оған. Стресс шығарып, көңіл-күйімізді көтерейік дедік. Сыра, аққайнар, кәрістің сусынына тапсырыс бердік. Сол кезде мен «дәрі қабылдап жатырмын, аздап ішемін» дедім. Тамақ іштік. Қыздар сыра ішті, мен ауырып жүрген соң аздап аққайнар іштім. Музыка қойып биледік, көңілді отырдық, – дейді Рана.

    Бірақ кеш барысында жағдай күрт өзгерген. Ақнәрдің көңіл-күйі түсіп, ол кенеттен өзін ұстай алмай, жанжал шығарған. Рананың айтуынша, Ақнәр оған ауыр сөздер айтып, физикалық күш қолданған.

    Ақнәр мені шапалақпен ұрып, жерге құлатты. Дидар да оны жұбатуға тырысты, бірақ ол өз-өзіне қол жұмсауға тырысқандай көрінді. Екеуміз оны ұстап отырдық, бірақ Ақнәр одан сайын ашуланды. Ол менің анамды, әкемді, сіңілімді қарғап, ауыр сөздер айтты. Менің үстіме мініп алып, басымды ұрды, шапалақпен ұрып, бетімнен тістеді, – деп ауыр сәттерді еске алады Рана.

    Осы сәтте Дидар да қорқып, туысына аудио хабарлама жібергенін айтады. Рана өзіне қауіп төнгенін сезіп, асүйге қашып тығылған. Бірақ Ақнәр есікті ашып, оның шашынан тартып, жерге құлатып, басын ұрған.

    Оны ұруға шамам жеткен жоқ. Екі бетімді, басымды қолыммен жауып отырдым. Бір кезде жұдырықпен ұра бастады. Екі қолын ұстап алдым. Ол менің маңдайымды тістей бастады. «Құтқарыңдаршы» деп айғайладым. Ешкім естімеген соң, оған «мені жіберші» деп жалына бастадым. Ол жібергенде екінші дәретханаға барып тығылдым, – дейді Рана. Ақырында 3-5 минут өткен соң Дидар есікті ашып, екеуі бірге пәтерді тексерген. Сол кезде полиция келіп, оқиғаны тіркеген.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    «20 жылдан көп болса екен»: Шерзаттың анасының хаты оқылды

    Келесі жазба

    Алматыда жеке тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды

    Ұқсас мақалалар

    Деструктивті ақпараттан қалай сақтанамыз?
    Бейнероликтер

    Деструктивті ақпараттан қалай сақтанамыз?

    5 Маусым, 2025
    Шерзат Болат ісі: Судья соңғы үкімді шығарды
    Жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі: Судья соңғы үкімді шығарды

    5 Маусым, 2025
    Құрбан айт – ұлық мереке
    Жаңалықтар

    Құрбан айт – ұлық мереке

    5 Маусым, 2025
    Құрбан айтқа қандай мал шалынады? Нені білуіміз керек
    Жаңалықтар

    Құрбан айтқа қандай мал шалынады? Нені білуіміз керек

    5 Маусым, 2025
    Көшеден әскерге алып кету жиілеп кетті: бұл қаншалықты заңды?
    Жаңалықтар

    Көшеден әскерге алып кету жиілеп кетті: бұл қаншалықты заңды?

    5 Маусым, 2025
    Оңтүстік Кореяда қазақ қызының мәйіті табылды
    Жаңалықтар

    Қызылордада мектеп оқушысының денесі табылды

    5 Маусым, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Деструктивті ақпараттан қалай сақтанамыз?

    Шерзат Болат ісі: Судья соңғы үкімді шығарды

    Құрбан айт – ұлық мереке

    Құрбан айтқа қандай мал шалынады? Нені білуіміз керек

    Көшеден әскерге алып кету жиілеп кетті: бұл қаншалықты заңды?

    Қызылордада мектеп оқушысының денесі табылды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 510.19 ₸
    EUR EUR 582.79 ₸
    RUB RUB 6.46 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews