24 Маусым 2025, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 523.46 ₸
    EUR EUR 600.04 ₸
    RUB RUB 6.69 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды – Тоқаев

    23 Маусым, 2025
    15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды – Тоқаев

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде 15 мың адамға амнистия жарияланғанын мәлім етті.

    Президент қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру, жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттілігін айтты.

    Осыдан үш жыл бұрын елімізде жалпыұлттық референдум өтті. Азаматтарымыздың көпшілігі Ата заңға түзету енгізуді қолдап дауыс берді. Реформаның нәтижесінде еліміздің саяси құрылымы түбегейлі жаңғырды. Адам құқықтарын қорғау жүйесінде ауқымды өзгерістер жасалды. Конституциялық Сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілді. Оның құзыреті кеңейді. Өлім жазасы біржола алынып тасталды. Мұның бәрі – Конституциямызға тән ізгілік рухының көрінісі. Себебі Ата заңымызға сәйкес адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, бұл – ең қымбат қазына. Биыл Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осыған орай, құқық қорғау құрылымдары, депутаттар мен құқық қорғаушылар сотталған азаматтарға рақымшылық жасау туралы бастама көтерді. Парламент тиісті заңды қарады, мен бұл заңға қол қойдым. Осы ізгі шараның арқасында жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылыққа ілінеді. Ең алдымен, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, яғни, баласы бар әйелдерге, егде адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа да азаматтарға кешірім беріледі. Мұны жаза басқан жандарға жасалған нақты көмек, олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау деп түсіну қажет. Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, бұл – шын мәнінде қайырымды елге тән сипат, – деп атап өтті.

    Президент мемлекет шалыс қадам басқан азаматтан теріс айналмай, тек оның тура, дұрыс жолға түсуіне жәрдем беретінін айтты.

    Өйткені, әділетті елдің соты – әділ, ниеті түзу болуға тиіс. Бірақ рақымшылық жасау дегеніміз, бұл – барлық мәселенің шешімі емес, бір реттік қана шара екенін түсінген жөн. Сондықтан осы бағытта нақты нәтиже болу үшін қылмыстық атқару жүйесін барынша жетілдіру қажет. Негізгі мақсат – сотталған адамды қоғамнан алшақтату емес. Тиісті тәрбие жұмысын жүргізу өте маңызды. Олардың бойына заң мен тәртіп құндылығын сіңіретін және қалыпты өмірге оралуына ықпал ететін озық тәсілдерді енгізу керек. Мәселен, кейбір елде жазасын өтеушілер «қамау мерзімін қысқартуға» мүмкіндік беретін шараларды қолдана алады. Абақтыда ескерту алмаған, жаңа білім игерген, спорттық-мәдени шараларға қатысқан адамдарға осындай жеңілдік беріледі. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, осы мәселені мұқият пысықтауы қажет. Шетелдің озық тәжірибесін зерттеген жөн. Бұл жұмысқа отандық сарапшыларды да тарту қажет. Жазасын өтеп жүргендерді қалыпты өмірге дайындаудың тағы бір тиімді жолы – еңбекпен, яғни, жұмыспен қамту. Бұл бағытта біраз түйткілдер бар, нақты шаралар қолдану керек. Осы орайда біздің кәсіпкерлеріміз жазасын өтеу мекемелерінің жанынан түрлі кәсіпорын ашу мүмкіндігін қарастыруы керек деп ойлаймын. Мұндай серіктестік шетелде кең тараған, – деп атап өтті.

    Ол бұл шараның екі жаққа да тигізер пайдасы мол екенін де жеткізді.

    Жазасын өтеп жүргендердің тапқан табысы бостандыққа шыққан соң олардың қалыпты өмірге оралуына көмектеседі. Ал өндірісте меңгерген дағдысы жақсы жұмыс табуына жол ашады. Жалпы, бизнес өкілдері қылмыстық-атқару жүйесімен жан-жақты ықпалдастық орнату жолдарын мұқият саралағаны жөн. Мысалы, еліміздегі компанияның бірі өз қаржысын жұмсап, Алматыда кәмелет жасына толмаған құқық бұзушыларға арналған заманауи тәрбиелеу мекемесін салып жатыр. Үкімет мұндай тәсілді белсенді түрде қолдануы керек, басқа компанияларды осындай серіктестікке тарту қажет, – деді Тоқаев.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады: кімдерге қатысты?

    Келесі жазба

    Енді сим-карталарды таратқан мобильді операторлар жауап беретін болады

    Ұқсас мақалалар

    Енді сим-карталарды таратқан мобильді операторлар жауап беретін болады
    Жаңалықтар

    Енді сим-карталарды таратқан мобильді операторлар жауап беретін болады

    23 Маусым, 2025
    8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады: кімдерге қатысты?
    Жаңалықтар

    8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады: кімдерге қатысты?

    23 Маусым, 2025
    Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер индексацияланады
    Жаңалықтар

    Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер индексацияланады

    23 Маусым, 2025
    Мемлекет такси бағасын неге бақыламайды?
    Жаңалықтар

    Мемлекет такси бағасын неге бақыламайды?

    23 Маусым, 2025
    Құстармен соқтығысқан: отандық әуе компания кестесін өзгертті
    Жаңалықтар

    Құстармен соқтығысқан: отандық әуе компания кестесін өзгертті

    23 Маусым, 2025
    Елімізде деструктивті діни идеологияға қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтеді
    Жаңалықтар

    Елімізде деструктивті діни идеологияға қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтеді

    22 Маусым, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Енді сим-карталарды таратқан мобильді операторлар жауап беретін болады

    15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды – Тоқаев

    8 млн қазақстандық декларация тапсырудан босатылады: кімдерге қатысты?

    Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер индексацияланады

    Мемлекет такси бағасын неге бақыламайды?

    Құстармен соқтығысқан: отандық әуе компания кестесін өзгертті

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 523.46 ₸
    EUR EUR 600.04 ₸
    RUB RUB 6.69 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews