4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Елімізде деструктивті діни идеологияға қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтеді

    22 Маусым, 2025
    Елімізде деструктивті діни идеологияға қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтеді

    Қазақстанда деструктивті діни идеологияға қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтеді.

    2025 жылғы 23 маусым мен 6 шілде аралығында Алматы қаласында радикалды және деструктивті діни идеологияны ұстанушылармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курсы ұйымдастырылады.

    Аталмыш курс Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігінің Дін істері комитеті мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің бірлескен ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылады.

    Бағдарламаның мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу, қоғамға қауіпті радикалды идеяларға қарсы тиімді әрекет ету бойынша аймақтық мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. Курста дінтану, психология, тарих және исламтану бағыттары қамтылады. Әрбір модуль арнайы әзірленген авторлық бағдарлама негізінде өтеді.

    Оқыту үдерісіне жетекші ғалымдар мен сарапшылар тартылған. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университетінің профессор-оқытушылар құрамы дәріс оқиды. Олардың қатарында ғылым докторлары, PhD докторлары мен тәжірибелі сарапшылар бар.

    Курсқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен 80-ге жуық маманды тарту жоспарланып отыр. Тыңдаушылар деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтармен жұмыс істеудің ғылыми негізделген әдістерін меңгеріп, оңалту және бейімдеу саласындағы заманауи тәжірибелермен танысады.

    Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, қорытынды рәсім өткізіледі.

    Аталған бастама еліміздегі діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету, конфессияаралық тұрақтылықты нығайту және білікті кадрлар даярлау ісіне өз үлесін қоспақ.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға қанша теңгеден беріледі

    Келесі жазба

    Құстармен соқтығысқан: отандық әуе компания кестесін өзгертті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews