4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Енді сим-карталарды таратқан мобильді операторлар жауап беретін болады

    23 Маусым, 2025
    Енді сим-карталарды таратқан мобильді операторлар жауап беретін болады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысып, интернет және телефон алаяқтығының алдын алу мәселесіне арнайы тоқталды.

    Көбіне мұндай іске тыңғылықты ұйымдасқан қылмыстық топтар барады. Олар шетелден әрекет ететіндіктен, тергеу амалдарын қиындатады. Сондықтан бұл ретте алдын алу шараларының мәні зор.

    Өткен жылы Ұлттық банк жанынан заманауи антифрод-орталық ашылды. Олар күмән тудырған операцияларды анықтап, бұғаттап отырады.

    Сонымен қатар өздеріне тиесілі инфрақұрылымды пайдалана отырып жасалған алаяқтық үшін банктер мен ұялы байланыс операторларына да жауапкершілік белгілеп жатырмыз, – деді Тоқаев.

    Сонымен қатар азаматтарымыздың жеке мәліметтерінің сенімді жерде сақталуын қамтамасыз ету өте маңызды екені айтылды. Президент ол үшін халықтың қаржылық сауатын арттырып, қоғамда алаяқтардың әрекеттеріне иммунитет қалыптастыру үшін барлық деңгейдегі депутаттармен бірлескен жұмысты күшейтуді тапсырды.

    Алаяқтар ақшаны жылыстататын немесе сыртқа шығаратын құйтырқы айлаларына адамдарды алдап түсіреді. Бұл да үлкен проблемаға айналды. Азаматтарымыз пайдаға кенелеміз деп оларға банк есепшоттарын беріп қояды. Бірақ бұл әрекеттерінің салдары қандай ауыр болатынын ойлай бермейді. Соңғы бір жарым жылда 50 мыңнан астам адам осындай жағдайға душар болды. Өкінішке қарай, олардың басым бөлігі – жастар. Бұл мәселеге қатысты шұғыл шара қабылдау керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен бірге осындай шоттарды алдын ала анықтап, бұғаттайтын тиімді жүйені жолға қойғаны жөн, – деді Тоқаев.

    Сондай-ақ бақылаусыз сим-карта айналымы мәселесі де назардан тыс қалмады.

    Аталған мәселенің бір ұшы бақылаусыз сим-карта айналымына келіп тіреледі. Тек биылдың өзінде сим-карталарды басқа біреудің атына рәсімдеген 100 мыңға жуық факті анықталды. Нөмірлерді түрлі қылмыстық мақсатқа пайдаланады.

    Үкіметке уәкілетті органдармен бірлесе сим-карталарды сату тәртібін реттеуді және оларды таратқаны үшін мобильді операторлардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырамын, – деді президент.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды – Тоқаев

    Келесі жазба

    Тоқаев Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews