Мексика жеті жасар баланың ағзасынан 142 ірі паразиттік құрт табылып, шұғыл ота жасалды. Бұл оқиға паразитарлық инвазия салдарының ауыр зардабын көрсетті.
Бұл туралы La Republica басылымы жариялаған.
Бала бірнеше күн бойы ішінің қатты ауыруы және құсу белгілерімен медициналық мекемеге жеткізілген. Жүргізілген тексеру нәтижесінде баланың ішкі ағзасында ұзындығы 10-27 см болатын 142 паразиттік құрт бар екені анықталған.
Бүлдіршін Мексиканың гигиеналық жағдайы өте төмен, кедей аймағынан келген. Осындай санитарлық нормалар сақталмаған аудандарда гельминттермен (құрттармен) жұғу қаупі аса жоғары болады.
Ота сәтті өтіп, бала аман қалды. Емдеу шараларына қатысқан дәрігер Абелина Гомес жергілікті тұрғындарға жеке бас гигиенасын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.