4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Оксфорд университеті енді қазақ тілінде білім береді

    24 Маусым, 2025
    Оксфорд университеті енді қазақ тілінде білім береді

    Өткен жылдың басында Oxford Birsöz Initiative атты бастама қазақ тілін оқыту мен дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаны іске қосты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

    Әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінің (University of Oxford) базасында орналасқан бұл академиялық орталық түркітану, сондай-ақ өңір тілдері мен мәдениетін зерттеу саласына маманданған.

    Тіл білімі институтының мәліметінше, Орталық Оксфорд, Ұлыбританиядағы өзге де оқу орындары мен халықаралық серіктестер арасындағы академиялық байланысты нығайтуға белсенді түрде атсалысып келеді. Oxford Birsöz Initiative Ахмет Байтұрсынұлы институтымен бірлескен меморандум негізінде жүзеге асқан еді.  Жоба аясында қазақ тілін халықаралық академиялық ортада зерттеу мен дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Соңғы уақытта қазақ тіліне деген қызығушылық артқан. Бұл шетелдік студенттер, зерттеушілер мен диаспора өкілдері арасында қазақ тілін, әдебиетін және Қазақстанның мәдени мұрасын үйренгісі келетіндердің санының көбеюінен байқалады.

    Бұрын Оксфорд университетінде тек түрік тілі оқытылған. Кейінірек әзербайжан тілі бойынша бағдарлама енгізілді. Ал бүгінде толыққанды қазақ тіліне арналған академиялық платформа қалыптастыру жұмыстары қолға алынып отыр. Бұл қадам қазақ тілі мен мәдениетінің халықаралық жоғары білім жүйесіндегі орнын күшейтуге зор мүмкіндік береді.

    Осы бастама аясында жобаға 2025 жылдың күзінде үш айға танымал журналист, медиаменеджер және қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы шақырылды. Шетелдік студенттермен түрлі зерттеулер өткізіп, қазақ тілінің ауқымын арттырып, дәрежесін көтеру мақсатында арнайы Speaking Club ашуды да жоспарлап отыр.

    Бұл клуб студенттерге қазақ тілінде еркін сөйлеуді тәжірибеден өткізіп қана қоймай, Қазақстанның заманауи мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

    Қазақ тілі – жай ғана мәдени мұра емес, ол – біздің болмысымыз. Ол біздің дүниетанымымызды, ойлауымызды, этикамызды қалыптастырады. Бүгінде осы тілді халықаралық академиялық ортада дамыту мүмкіндігіне ие болу мен үшін мансап емес, шынайы миссия. Қазақ тілінде сөйлеу ғана емес, өзгелердің де оны үйренгісі келетіндей жағдай жасау маңызды. Бұл – мен үшін болашаққа сенім мен өткенге құрметтің белгісі, – дейді журналист.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Бейтаныс ер адам екі жастағы баланы еденге ұрып, есінен тандырды

    Келесі жазба

    Елімізде дәрігер тапшылығы 20%-ға қысқарды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews