3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Ақмола облысының әкімі аймақтағы жағдай туралы Тоқаевқа есеп берді

    18 Тамыз, 2025
    Ақмола облысының әкімі аймақтағы жағдай туралы Тоқаевқа есеп берді

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірді өркендету перспективасы жөнінде баяндалды.

    Марат Ахметжанов облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім сақталып отырғанын жеткізді. Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 1,2 триллион теңгеге дейін жеткізіп, елдің аграрлық секторының көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтуды көздеп отыр. Биыл өнімділігі өте жоғары, соның ішінде майлы дақылдар алқабы 2,5 есе ұлғайды.

    Президентке инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде мәлімет берілді. Аршалы ауданында республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағы құрылды. Жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын инвестициялық портфель жасақталды. Осы арқылы 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

    Мемлекет басшысына әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылысының барысы таныстырылды. Соңғы екі жыл ішінде 4,7 мың тұрғын баспаналы болды. Бұл алдыңғы жеті жылдың көрсеткішіне тең. Осылайша, кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы 29 пайызға азайды. Қосшы қаласында үлескерлердің мәселесі оң шешіліп жатыр.

    Білім беру саласында екі жыл ішінде 21 мың оқушыға арналған 33 нысан бой көтерді. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді.

    Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Көкшетауда электр қуаты 240 Мвт, ал жылу қуаты 520 Гкал/сағат болатын жылу электр орталығы салына бастады. Су тазарту нысандарының құрылысы аяқталуға жақын. Соның нәтижесінде облыс орталығында тұратын 200 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады. Жыл соңына дейін 9 елді мекенге газ құбыры тартылады.

    Кездесу соңында президент реновация бағдарламасы арқылы халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамтудағы облыстың оң тәжірибесін атап өтті. Мемлекет басшысы егін жинау науқанын ұйымдастыру, Қосшы қаласының дамуы бойынша тиісті шараларды қабылдау, су тасқынына қарсы жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырма берді.

    Таңбалар: Қасым-Жомарт Тоқаев
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Танымал демалыс орнында акула туристке шабуыл жасады

    Келесі жазба

    Терроризм аса ауыр қылмыс

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews