2 Мамыр 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Астанада жол ережесін бұзған көліктер енді ақылы түрде эвакуацияланады

    28 Сәуір, 2026
    Астанада жол ережесін бұзған көліктер енді ақылы түрде эвакуацияланады

    Фото: Астана әкімдігі

    Астанада жол ережесін бұзғаны үшін көлік құралдарын ақылы эвакуациялау жүйесі енгізілді. Бұл шара жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және көлік жүктемесін азайтуға бағытталған.

    Қала әкімдігінің мәліметінше, жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының мәліметінше, бүгіннен бастап Астанада арнайы эвакуаторлар жұмыс істеп, ереже бұзған жүргізушілердің көліктерін коммуналдық тұрақтарға жеткізеді. Бұл шешім көлік жүйесін кешенді дамыту аясында қабылданған. Себебі дұрыс қойылмаған көліктер жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп, қауіпсіздікке әсер етеді.

    Орталық директоры Марат Садуовтың айтуынша, тұрақ және аялдау ережелерін бұзу көшелердің өткізу қабілетін 50 пайызға дейін азайтады. Бұл өз кезегінде кептеліске себеп болып, қозғалысты шектейді.

    Бүгінде елордада келіп-кететін көліктерді қоса есептегенде 600 мыңнан астам автокөлік бар. Автоматтандырылған жүйелер күн сайын екі мыңнан астам осындай құқықбұзушылықты тіркейді.

    «Мәслихат шешіміне сәйкес, ең алдымен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, тротуарларда және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарда дұрыс қойылмаған көліктер эвакуацияланады. Мұндай бұзушылықтар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Эвакуация адамдар көп шоғырланатын, тыйым салу белгілері орнатылған және қозғалысқа кедергі келтіретін аумақтарда жүргізіледі. Процесс толық цифрландырылған: арнайы жүйелер құқықбұзушылықты тіркеп, мәліметтерді полицияға жібереді. Кейін көлік иесіне eGov Mobile арқылы хабарлама жолданып, шешім қабылданады. Эвакуация туралы қаулы полиция қызметкері тарапынан цифрлық сервистер арқылы рәсімделеді», – делінген әкімдік хабарламасында.

    Ведомство мәліметінше, егер жүргізуші құқықбұзушылықты сол жерде түзесе, көлік эвакуацияланбайды, тек әкімшілік шара қолданылады. Ал көлігін таппай қалған жүргізушілер 102 немесе 112 нөмірлеріне хабарласып, ақпарат ала алады. Көлікті қайтару үшін полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөліміне жүгініп, рұқсат алып, арнайы тұрақтан алып кетуі қажет.

    Эвакуация құны 3 АЕК-ті құрайды, ал тұрақта сақтау ақысы бөлек төленеді.

    Қала тұрғындары мен қонақтары жол қозғалысы ережелерін сақтауы және өзгелерге кедергі келтірмеуі қажет.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Түркістан облысында туған атасы немересін зорлады деген ақпарат тарады – полиция бұған не дейді

    Келесі жазба

    ШҚО-да есірткі қолданған ер адам көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews