Ақтөбе облысындағы мұнай кәсіпорнында екі қызметкердің арасында жанжал туып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған.
«Кеңқияқ ауылдық полиция бөлімшесімен денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, кәсіпорынның екі қызметкері мас күйінде жанжалға түсіп, соның салдарынан олардың біріне пышақ жарақаты салынған», – делінген хабараламада.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, медициналық мекемеде емделіп жатыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
USD