Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды.
Кеше оққа ұшып, төрт сағат операция жасалған Берденов бүгін есін жиып, сөйлей бастаған. Алайда оның жағдайы әлі де тұрақты ауыр деп бағалануда.
Бұған дейін қалалық Денсаулық сақтау басқармасы да оның жағдайы туралы мәлімет берген.
Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ. Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда, – делінген хабарламада.