12 Мамыр 2025, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 513.74 ₸
    EUR EUR 569.17 ₸
    RUB RUB 6.33 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу тәртібін өзгертуді ұсынды

    23 Сәуір, 2025
    Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу тәртібін өзгертуді ұсынды

    Фото: El.KZ\ Арман Мұхатов

    Асхат Аймағамбетов премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалында елімізде магистр не доктор дәрежесін алғысы келетін жастар үшін оқуға түсерде ағылшын тілінің емтиханын өзгертуді ұсынды.

    Студент қазақ не орыс тілінде оқыса да, талап бәріне ортақ. Мысалы, Қазақ филологиясы, этнография, музыка сияқты мамандықтарға түсетін жастар да алдымен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек. Әрине, ғылыммен айналысу үшін ағылшын тілін білу маңызды. Себебі күн сайын жарияланып жатқан ғылыми жаңалықтардың көпшілігі – ағылшын тілінде. Оларды оқу, түсіну, пайдалану – әр зерттеушіге қажет. Сондықтан бұл талап кезінде заманға сай, орынды шешім болды. Ашығын айтқанда, бұл талапты кезінде министр болғанда қолдаған да, бекіткен де өзім болатынмын. Алайда қазір жағдай өзгерді, – дейді ол.

    Оның айтуынша, содан бері, тіпті, соңғы бес жылдың өзінде-ақ халық жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Технологиялық революция орын алды.

    Қазір ChatGPT, Gemini сияқты құралдардың көмегімен кез келген ағылшын мәтінін санаулы секундта, сапалы түрде қазақ немесе орыс тіліне аударуға болады. Иә, ағылшын тілі ғылым үшін әлі де қажет. Қажет болады да. Бірақ қазіргі технологиялардың арқасында бұл талап магистратураға түсуге кедергі болмауы тиіс. Өйткені енді осы технологиялармен, жастар ғылыми жұмысын бастай алады.  Оның үстіне, шыны керек, айтылған талап студенттердің тілдік деңгейін айтарлықтай көтере алған жоқ. Ең қиыны – қазақ әдебиеті мен өнерін зерттегісі келетін жастар ағылшын емтиханынан өте алмағаны үшін магистратура мен докторантураға түсе алмай жүр. Не істеу керек? Әрине ағылшын тілін қолдай отырып, бұл талаптарды өзгертуіміз керек, – деген ол нақты төрт ұсыныс айтты.

    Біріншіден, ағылшын тілін ерте – мектептен бастап сапалы түрде оқытуды әрі қарай күшейту қажет. Кезінде Президенттің тапсырмасына сәйкес 3-4 сыныптар мен 10-11-сыныптарда ағылшын тілі сағатын аптасына 3 сабақтан  5 сабаққа дейін көбейген еді. Бірақ бұл бастама толық іске аспады.

    Екіншіден, оқыту тілі қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бағыттарда ағылшын тілінен емтиханды түсу кезінде емес, оқу аяқталған соң тапсыруды қарастырған жөн. Ал сол кезеңге дейін ағылшын тілін бакаларвриат, магистратура мен докторантураның оқу бағдарламасына кіргізіп, тереңдетіп оқытқан дұрыс. Сонда нақты нәтиже болады.

    Үшіншіден, ағылшын тілінде оқытатын немесе қосдипломды бағдарламалар, мен филиалдар үшін бұл талапты керісінше күшейткен жөн. Яғни әр бағытқа қарай саралау қажет.

    Төртіншіден, Scopus пен Web of Science базаларында мақала жариялау талабын да мамандықтың ерекшелігіне қарай қарастырған жөн.

    Бастысы – диссертацияның сапасы мен ғылыми ортаға қосқан нақты үлесі маңызды. Оны конференцияларда талқылау мен ғылыми жұмыстың нақты пайдасы керек. Жалпы, бұл талаптарды университеттердің академиялық еркіндігі аясында реттеген дұрыс деп есептейміз.Қорытындылай келе, ұсынылып отырған қадамдар – білім беруді қолжетімді, әділетті және заманға сай етуге бағытталған, – деді ол.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын айтты

    Келесі жазба

    -6 градус: елімізде қайта үсік жүреді

    Ұқсас мақалалар

    Ресейде пара алды деген күдікпен министр ұсталды
    Жаңалықтар

    Ресейде пара алды деген күдікпен министр ұсталды

    12 Мамыр, 2025
    Сара Назарбаеваның жағдайы туралы не белгілі
    Жаңалықтар

    Сара Назарбаеваның жағдайы туралы не белгілі

    12 Мамыр, 2025
    «Болашақ» стипендиясына қандай өзгерістер енгізілді
    Жаңалықтар

    «Болашақ» стипендиясына қандай өзгерістер енгізілді

    12 Мамыр, 2025
    Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халедпен кездесті
    Жаңалықтар

    Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халедпен кездесті

    12 Мамыр, 2025
    Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салынды
    Жаңалықтар

    Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салынды

    12 Мамыр, 2025
    Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады
    Жаңалықтар

    Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады

    12 Мамыр, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Ресейде пара алды деген күдікпен министр ұсталды

    Сара Назарбаеваның жағдайы туралы не белгілі

    «Болашақ» стипендиясына қандай өзгерістер енгізілді

    Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халедпен кездесті

    Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салынды

    Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 513.74 ₸
    EUR EUR 569.17 ₸
    RUB RUB 6.33 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews