12 Мамыр 2025, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 513.74 ₸
    EUR EUR 569.17 ₸
    RUB RUB 6.33 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстан Ауғанстандағы қазба байлықтарды зерттейтін комиссия құрады

    23 Сәуір, 2025
    Қазақстан Ауғанстандағы қазба байлықтарды зерттейтін комиссия құрады

    Фото: primeminister.kz

    Кабул қаласында өткен кездесуде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Кен өндіру және мұнай министрі Хедаятулла Бадри келісім жасасты.

    Кездесу барысында тараптар өткен бір жыл ішінде өнеркәсіп саласындағы екіжақты қатынастардың айтарлықтай ілгерілеуіне ризашылықтарын білдірді. Серік Жұманғарин ауған тарапына Қазақстаннан жеткізілген геологтардың қатты пайдалы қазбалардың әлеуетті кен орындарын зерттеу бойынша далалық жұмыстарын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

    Бүгінгі таңда Қазақстан геологиялық барлау, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласында тәжірибесі бар кәсіби тау-кен компаниялары пулын құрды. Бұл компаниялар әлеуетті кен орындарын іздеуге және инвестиция салуға мүдделі. Осы бағытты талқылау үшін қазақстандық делегация құрамында ERG Exploration, Kazakhmys Barlau және Қазатомөнеркәсіп компанияларының өкілдері келді, — деді Серік Жұманғарин.

    Кездесу барысында ауған тарапы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қазақстандық мамандардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

    Тараптар барлық туындаған мәселелерді жедел талқылау үшін бірлескен техникалық комиссия құруға уағдаласты.

    Мамыр айының соңында Қазақстан тарапы Ауғанстанның басқа провинцияларындағы әлеуетті кен орындарын зерттеу үшін тағы бір мамандар тобын жібермек.

    Сонымен қатар ауған тарапы қазақстандық тау-кен компанияларының сұранысы бойынша табиғи ресурстардың расталған қоры туралы мәліметтер беруге дайын екенін білдірді.

    Сондай-ақ Серік Жұманғарин Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Мемлекеттік компаниялар басқармасының басшысы Ахмад Джан Билалмен кездесті.

    Тараптар қазақстандық кәсіпорындардың Ауғанстан мемлекеттік компанияларымен ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

    $140 млн-дық келісімдер: Қазақстан–Ауғанстан бизнес форумының қорытындысы

    Серік Жұманғарин Қазақстан–Ауғанстан бизнес форумының ашылуына қатысты. Шараға өсімдік майы, макарон, күріштен бастап агродрондар мен аккумуляторларға дейінгі тауарларды ұсынған 50 қазақстандық компания қатысты.

    Ауғанстан Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы маңызды логистикалық хабқа айнала алады, ал Қазақстан – азық-түлік, технология, машина жасау, химия және IT өнімдерінің сенімді жеткізушісі бола алады. Алдымызға амбициялы, бірақ қолжетімді мақсат қойылды яғни, сауда айналымын қысқа мерзімде $3 млрд-қа дейін жеткізу. Бұл мақсатқа жету үшін тұрақты жеткізу арналары құрылып, өзара сауда номенклатурасы кеңейіп, инвестициялар мен кәсіпкерлік белсенділікке қолайлы жағдай жасалуы қажет, — деп атап өтті вице-премьер.

    Форумның алғашқы күнінің алдын ала қорытындысы бойынша шамамен $140 млн сомасына коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Есірткі сатумен айналысқан елорда тұрғыны 8 жылға сотталды

    Келесі жазба

    Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын айтты

    Ұқсас мақалалар

    Ресейде пара алды деген күдікпен министр ұсталды
    Жаңалықтар

    Ресейде пара алды деген күдікпен министр ұсталды

    12 Мамыр, 2025
    Сара Назарбаеваның жағдайы туралы не белгілі
    Жаңалықтар

    Сара Назарбаеваның жағдайы туралы не белгілі

    12 Мамыр, 2025
    «Болашақ» стипендиясына қандай өзгерістер енгізілді
    Жаңалықтар

    «Болашақ» стипендиясына қандай өзгерістер енгізілді

    12 Мамыр, 2025
    Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халедпен кездесті
    Жаңалықтар

    Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халедпен кездесті

    12 Мамыр, 2025
    Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салынды
    Жаңалықтар

    Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салынды

    12 Мамыр, 2025
    Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады
    Жаңалықтар

    Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады

    12 Мамыр, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Ресейде пара алды деген күдікпен министр ұсталды

    Сара Назарбаеваның жағдайы туралы не белгілі

    «Болашақ» стипендиясына қандай өзгерістер енгізілді

    Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халедпен кездесті

    Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салынды

    Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 513.74 ₸
    EUR EUR 569.17 ₸
    RUB RUB 6.33 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews