22 Мамыр 2025, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 510.59 ₸
    EUR EUR 578.91 ₸
    RUB RUB 6.37 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

    21 Мамыр, 2025
    Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

    Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін көне Будапешт шаһарында өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанға ризашылығын білдірді.

    Бүгінгі алқалы жиынның Еуропа төрінде өтуінің айрықша мәні бар. Біз мажар жұртының қарт құрлықта тұғырлы мемлекет болып отырғанына дән ризамыз. Бүгін бәрімізді түбі бір түркі бауырларым деп құшақ жая қарсы алып жатсыздар. Мұны, шын мәнінде, мызғымас достығымыздың айқын көрінісі деп санаймын. Біз ынтымағы жарасқан елдеріміздің бірлігін бекемдеп, тамыры бір тарихымыз бен салт-дәстүрлерімізді ұлықтап келеміз, – деді президент.

    Мемлекет басшысының айтуынша, «Шығыс пен Батыс тоғысқан тұс» атауымен ұйымдастырылған саммит алып құрлықтың ұлан-ғайыр аумағын иеленіп жатқан түркі елдерінің мүддесіне, стратегиялық мақсат-міндетіне сай келеді. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың мәні тіпті артты.

    Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев түркі жұртының татулығы мен өзара байланысын нығайту, тұтастығын бекемдей түсу мақсатында Қазақстан қабылдаған кешенді шараларға тоқталды.

    Атап айтсақ, Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілін тағайындады. Көп ұзамай Тұрақты өкілдік ашуды жоспарлап отырмыз. Астанада 11-12 маусым күндері Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы өтеді. Ақтау қаласы биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды. Осы мәртебелі міндетті жоғары деңгейде атқару үшін нақты іс-шаралар қолға алынды. Қазақстанның бастамасымен өткен аптада Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы құрылды. Оның алғашқы отырысы киелі Түркістан қаласында табысты өтті. Ортақ келісім бойынша биыл маусым айынан бастап Алматы қаласы «Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы» атанады. Осылайша, біз түркі бірлігін нығайтамыз, – деді президент.

    Қасым Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер өзара қол жеткізген келісімдерді сақтауы қажет.

    Тағы бір аса маңызды мәселе, бұл – біздің ұйымның шеңберінде қабылданған құжаттардағы ережелерді қатаң сақтау. Процедура мәселесі болсын, саяси және экономика сұрақтары болсын – келісімдердің ережелерінің барлығын құрметтеу, сақтау қажет, міндетті түрде іске асыру керек, – деді президент.

    Мемлекет басшысы соңғы кездегі тарифке қатысты оқиғалар жаһандық сауда саясатындағы өте үлкен өзгерістерге себеп болғанына назар аударды. Президент мұндай дағдарыстар түрлі сын-қатер тудырумен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын алға тартып, өнеркәсіп, көлік-транзит, ауыл шаруашылығы, цифрландыру сияқты бағыттар бойынша бірлесе әрекет етуді ұсынды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді Шығыс пен Батыстың арасындағы негізгі көпірге айналдыруды стратегиялық міндет ретінде атады. Бұл ретте президент еліміз Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шекарадағы рәсімдерді цифрландыру, жүк транзитін жеңілдету үшін нақты шаралар қабылдап жатқанын, сондай-ақ Қазақстан-Қытай шекарасында үшінші темір жол бекетін ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

    Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдерді ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға, соның ішінде «Солтүстік – Оңтүстік» бағыты бойынша халықаралық көлік қатынасын дамытуға шақырды. Аталған жоба түркі елдерінің өңірлік транзит хабы ретіндегі рөлін едәуір нығайтады.

    Президент мұнай, газ, уран және тағы да басқа тауарларды жеткізу тізбегін әртараптандыру ісінде ұйымның әлеуетін пайдалану қажет екеніне назар аударды.

    Осы ретте Қазақстаннан Еуропа бағытында мұнай жеткізуді арттыру жобасын қолдағаны үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.

    Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы уақытта халықаралық сарапшылар Транскаспий мұнай және газ құбырларын салу бастамасын талқылап жүргенін атап өтіп, мұндай жобалар өте ауқымды және трансұлттық деңгейдегі ықпалдастықты талап ететінін жеткізді.

    Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор. Биыл еліміз Каспий теңізі арқылы оптикалық-талшықты кабель тарту жобасын жүзеге асыра бастады. Соның нәтижесінде аймақтағы цифрлық байланыс нығая түседі.

    Елдеріміз арасындағы сауда-саттықты жандандырып, тауар түрін көбейту қажет. Өткен жылы Қазақстанның Ұйымға мүше елдермен арадағы алыс-берісі 11,4 миллиард долларға жетті. Бұл – еліміздің сыртқы саудасының 8 пайызына тең. Әрине, жақсы көрсеткіш. Дегенмен оны арттыра түсу керек. Осыған орай, сауда-саттықты дамыту үшін арнайы құжат әзірлеуді ұсынамын, – деді президент.

    Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымы арасындағы ынтымақтастықты арттырудың маңызына тоқталды.

    Мемлекет басшысының пікірінше, әлемде жиілеген табиғат апаттарына қарсы тұру үшін күш жұмылдыру мәселесі аса өзекті. Мәселен, соңғы жылдары Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеп кетті. Бұл жағдай аймақтың экологиясы мен экономикасына, халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізуде. Президент түркі елдерін осыған қатысты бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және ортақ жобалар әзірлеуге үндеді.

    Саммитте Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    500 мың теңге пара берген шенеунік 15 млн айыппұл төлейтін болды

    Келесі жазба

    21 мамырдағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

    Ұқсас мақалалар

    Қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі
    Жаңалықтар

    21 мамырдағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

    21 Мамыр, 2025
    500 мың теңге пара берген шенеунік 15 млн айыппұл төлейтін болды
    Жаңалықтар

    500 мың теңге пара берген шенеунік 15 млн айыппұл төлейтін болды

    21 Мамыр, 2025
    Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді
    Жаңалықтар

    Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді

    21 Мамыр, 2025
    «Нұрқанатты пышақтадым»: Абзал Шынасыл сотта алдыңғы жауабынан бас тартты
    Жаңалықтар

    «Нұрқанатты пышақтадым»: Абзал Шынасыл сотта алдыңғы жауабынан бас тартты

    21 Мамыр, 2025
    Ауыл мектебінің оқушысы әлемнің 36 университетінен шақырту алды
    Жаңалықтар

    Ауыл мектебінің оқушысы әлемнің 36 университетінен шақырту алды

    21 Мамыр, 2025
    21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
    Жаңалықтар

    21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

    21 Мамыр, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    21 мамырдағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

    Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

    500 мың теңге пара берген шенеунік 15 млн айыппұл төлейтін болды

    Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді

    «Нұрқанатты пышақтадым»: Абзал Шынасыл сотта алдыңғы жауабынан бас тартты

    Ауыл мектебінің оқушысы әлемнің 36 университетінен шақырту алды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 510.59 ₸
    EUR EUR 578.91 ₸
    RUB RUB 6.37 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews