7 Маусым 2025, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 510.19 ₸
    EUR EUR 582.79 ₸
    RUB RUB 6.46 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

    4 Наурыз, 2025
    Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

    Фото: Ақорда

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

    Облыс әкімі  Нұралхан Көшеров ирригация нысандарын қайта қалпына келтіру үшін Ислам даму банкінен қаржы тартылып жатқаны жөнінде мәлімет берді. Қазіргі кезде 135,5 миллиард теңгеге 24 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Бұдан бөлек, Түркістан қаласын және жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп, «Боралдай» су қоймасының жобасы әзірленіп жатыр.

    Нұралхан Көшеровтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында мақта, жүгері және ет кластерлерін дамытуға айрықша мән беріледі. Атап айтқанда, мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ. Сонымен қатар Жүгері-сірне зауытының құрылысы басталып, Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынды.

    Бүгінгі таңда энергетика тапшылығын шешу мақсатында жалпы қуаты 2,4 ГВт-ты құрайтын 6 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар индустриялық аймақтарды қажетті инфрақұрылыммен қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылады.

    Нұралхан Көшеров биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріліп, 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылуға тиіс.

    Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

    Сонымен қатар президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

    Таңбалар: әкімоблысТүркістан
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қарағандыда жасөспірім 14 жастағы баланы өртеп жіберген

    Келесі жазба

    Елдегі мұғалімдердің жартысы 581 мың теңге жалақы алады

    Ұқсас мақалалар

    Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Өзбекстаннан елге экстрадицияланды
    Жаңалықтар

    Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Өзбекстаннан елге экстрадицияланды

    27 Ақпан, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Деструктивті ақпараттан қалай сақтанамыз?

    Шерзат Болат ісі: Судья соңғы үкімді шығарды

    Құрбан айт – ұлық мереке

    Құрбан айтқа қандай мал шалынады? Нені білуіміз керек

    Көшеден әскерге алып кету жиілеп кетті: бұл қаншалықты заңды?

    Қызылордада мектеп оқушысының денесі табылды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 510.19 ₸
    EUR EUR 582.79 ₸
    RUB RUB 6.46 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews