3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда мемлекеттік наградаларға ұсыну ережелеріне өзгерістер енгізілді

    13 Тамыз, 2025
    Қазақстанда мемлекеттік наградаларға ұсыну ережелеріне өзгерістер енгізілді

    Фото: ҚР ТЖМ

    Қазақстан Республикасы президентінің өкіміне сәйкес 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну және оларды тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына арналған құжаттардың үлгілерін және мемлекеттік наградалар белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» өкімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    Өзгерістер наградтауға кандидаттарды қарау кезінде ашықтықты, объективтілікті және әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Нұсқаулықтың жаңа редакциясында құжаттарды ресімдеу және кандидаттардың еңбегін бағалау критерийлеріне қатысты негізгі ережелер нақтыланды.

    Атап айтқанда, наградтау қағазын ресімдеуге қойылатын талаптар толықтырылды. Онда міндетті түрде еңбек жолы, ел мен халық алдындағы нақты еңбектері, сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы мәліметтер олардың жасалған уақытына қарамастан көрсетілетін болады. Жекелеген жағдайларда ішкі істер органдарынан мінездеме талап етіледі.

    Көпбалалы аналарды наградтауға қойылатын талаптар ретке келтірілді. Наградтау тек Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын көпбалалы аналарға беріледі. Наградтау қағазын ресімдеу кезінде көпбалалы ананың өзге мемлекет азаматы болып табылатын балалары паспорттарының куәландырылған көшірмелері және фотосуреттері қоса берілуі керек.

    Айта кету керек, нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік наградалардың көшірмелерін (дубликаттарын) дайындау кезінде қымбат бағалы металдар қолданылмайды.

    Мемлекеттік наградаларға құқықты қалпына келтіру мүмкіндігі уәкілетті органдардың өтініші бойынша, сот актілерін қоса алғанда, растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда қамтамасыз етіледі.

    Қабылданған өзгерістер наградтауға ұсыну рәсімін ретке келтіруге және мемлекеттік наградалар институтына деген сенімді арттыруға бағытталған.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің есірткіге қарсы іс-қимыл жөнінде отырысын өткізді

    Келесі жазба

    Жасөспірімдер WhatsApp аккаунтын алаяқтарға сатқан: Қостанай тұрғыны 12 млн теңгесінен айырылды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews