3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы 700-ге жуық білім беру бағдарламасы жабылады – Саясат Нұрбек

    27 Сәуір, 2026
    Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы 700-ге жуық білім беру бағдарламасы жабылады – Саясат Нұрбек

    Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

    Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы студенттерді оқытып жүрген 700-ге жуық оқу бағдарламасын жабуға тура келіп отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі үкіметтік сағатта Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

    Оның айтуынша, оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысты қазір атқарылып жатқан жұмыс бір-екі жылда нәтижесін береді.

    «Неге десеңіз, барлық кәсіпорындар сол платформаға тіркелген, еңбек күші жөніндегі статистиканы толтырып, сол жүйеде жұмыс істеуге үйреніп қалған. Біз қосымша бірнеше сұрақ енгізіп, осы наурыз айының соңында жұмысты аяқтадық. Ақпаратты шамамен бір ай жинадық. Бұл – қазіргі таңда бүкіл экономиканың сұранысын айқындайтын өзекті тетік. Әрбір өнеркәсіп бізге қосымша мәліметтер ұсынды: зейнет жасына жақындап қалған қызметкерлер саны, жаңадан келіп жатқан кадрлар саны, алдағы бір-екі, үш жыл ішінде қанша адам зейнетке шығатыны немесе өз еркімен жұмыстан кететіні туралы деректер», – дейді Саясат Нұрбек.

    Министрдің айтуынша, министрлік 273 сала бойынша барлық компанияларды бір жерге жинап, арнайы сауалнама жүргізген. Соның негізінде қазір 8,5 мың оқу бағдарламасы зерттеліп жатыр. Бұл жұмыс бір-екі апта ішінде аяқталады.

    «Сол жұмыстың нәтижесінде шамамен 700-ге жуық оқу бағдарламасын жабуға тура келеді. Яғни, мұны радикалды қадам деуге болады – біз іргелі, ауқымды аудит жүргізіп жатырмыз. Әрине, бұл салаға ауыр тиеді. Журналистерге де сұхбат берсе, кейбір ректорларымыз, оқытушылар мен профессорлар: «мен 25, 30, тіпті 40 жыл оқытып келе жатқан бағдарламамды қалай жабасыздар?» деп шағым айтуы мүмкін. Бірақ шын мәнінде олардың мазмұны ескірген», – деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Әлемде мұнай бағасы тағы 2 пайызға қымбаттады

    Келесі жазба

    Ақтөбе облысында экс-әйелін аңдып, тыныштық бермеген ер адам істі болды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews