Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мейрамы қарсаңында қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды.
Биыл құрбан шалу рәсімін оңайлату үшін ҚМДБ тарапынан жасалған игі бастаманы теріс мақсатта қолданып, түрлі алаяқтық әрекеттері орын алуы ықтимал.
Осы себепті еліміздің азаматтарын қорғау мақсатында маңызды ескерту жасаймыз: Құрбан айт мерекесі кезінде өздерінің теріс мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір белгісіз азаматтар мен ұйымдар жалған құрбандық сайттарын ашып, халықты адастырып, құрбандыққа аударған қаражаттарын өзге мақсатқа пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан баршаңызды абай болуға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін оңайлату және әділ ұйымдастыру мақсатында Qurban 2025 ресми онлайн платформасын іске қосты.