Шымкент әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қызғаныштан шабуыл жасалды деген нұсқаға қатысты пікір білдірді.
Қазір БАҚ пен әлеуметтік желілерде қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуылға қаскөйдің әйелін қудалау себеп болды деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ведомство күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын еске салды.
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды, – деп атап өтті баспасөз қызметі.