18 Маусым 2025, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.81 ₸
    EUR EUR 596.27 ₸
    RUB RUB 6.63 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Зейнетақы мөлшері 120 пайызға дейін өседі – Еңбек министрлігі

    18 Маусым, 2025
    Назван средний размер пенсии в Казахстане

    Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері айтарлықтай өседі.

    Базалық зейнетақы 6,5 пайызға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға артты. Бұл өсім Ұлттық банк белгілеген инфляция болжамына сәйкес жүргізілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын ұлғайып, 2028 жылға дейін күнкөріс минимумының 70 пайызына дейін жетеді, ал ең жоғары мөлшері 120 пайызға дейін өседі.

    Министрлік мәліметінше:

    • 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері күнкөріс минимумының 65%-ынан 70%-ына дейін өсіп, 32 360 теңгені құрады;
    • Ең жоғары мөлшері 105%-дан 110%-ға дейін көбейіп, 50 851 теңгеге жетті.

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда орташа жиынтық зейнетақы мөлшері 143 502 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы — 95 814 теңге, базалық зейнетақы — 47 688 теңге болды.

    Базалық зейнетақы қалай есептеледі?

    2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы әр зейнеткерге жеке тағайындалады. Есептеуде адамның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі. Бұл өтілге:

    • 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі;
    • Міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер қосылады.

    Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса (немесе мүлде болмаса), базалық зейнетақы күнкөріс минимумының 70%-ына тең болады. Әр қосымша жыл үшін бұл көрсеткіш 2%-ға артады. Мысалы:

    • 20 жылдық өтіл — 90%;
    • 30 жыл және одан көп — 110% (максималды мөлшер).

    Ай сайын БЖЗҚ-ға бірнеше мәрте жарна төленсе де, есептелетін өтіл бір ай болып саналады.

    Министрлік ескертуі:

    Қаншалықты тұрақты және толық көлемде міндетті зейнетақы жарналары төленсе, зейнет жасында базалық зейнетақы мөлшері де соғұрлым жоғары болады. Ал ынтымақты зейнетақы төлемі азаматтың 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне (кемінде 6 ай болуға тиіс) және зейнетке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты есептеледі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Израиль Тегеранның тұрғын ауданына жойқын соққы жасайды

    Келесі жазба

    Жетісу облысында қазақ киносының онкүндігі басталды

    Ұқсас мақалалар

    Жетісу облысында қазақ киносының онкүндігі басталды
    Жаңалықтар

    Жетісу облысында қазақ киносының онкүндігі басталды

    18 Маусым, 2025
    Израиль Тегеранның тұрғын ауданына жойқын соққы жасайды
    Жаңалықтар

    Израиль Тегеранның тұрғын ауданына жойқын соққы жасайды

    18 Маусым, 2025
    Қостанайда студенттерді әскерге емтихан тапсыра салып алып кеткен
    Жаңалықтар

    Қостанайда студенттерді әскерге емтихан тапсыра салып алып кеткен

    17 Маусым, 2025
    Астанадағы жол апатында қос аяғынан айырылған Алуа ауруханадан шықты
    Жаңалықтар

    Астанадағы жол апатында қос аяғынан айырылған Алуа ауруханадан шықты

    17 Маусым, 2025
    Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды
    Жаңалықтар

    Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

    17 Маусым, 2025
    Қазақстан Қытайға ақбөкен сыйлайды
    Жаңалықтар

    Қазақстан Қытайға ақбөкен сыйлайды

    17 Маусым, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Жетісу облысында қазақ киносының онкүндігі басталды

    Зейнетақы мөлшері 120 пайызға дейін өседі – Еңбек министрлігі

    Израиль Тегеранның тұрғын ауданына жойқын соққы жасайды

    Қостанайда студенттерді әскерге емтихан тапсыра салып алып кеткен

    Астанадағы жол апатында қос аяғынан айырылған Алуа ауруханадан шықты

    Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.81 ₸
    EUR EUR 596.27 ₸
    RUB RUB 6.63 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews