Әскерге сап-сау аттанып, жарымжан болып оралған Ербаян Мұхтардың отбасы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Отбасы бұл түннің мұсылман қауымы үшін ерекше екенін атап өтіп, көпшіліктен Ербаянның саулығы үшін дұға етуді сұрады.
Бүгін – ислам күнтізбесіндегі ең қасиетті түндердің бірі, мейірім мен кешірімге толы Бараат түні. Бұл – ақ жүрекпен жасалған әрбір дұға қабыл болатын ерекше уақыт. Біз, Ербаянның отбасы, осы қасиетті түнді дұғада өткіземіз. Егер мүмкіндік болса, сіз де бүгінгі түнде Ербаянның сауығып кетуін тілеп, шипасын берсін деп дұға жасаңыз. Алла Тағала барша ізгі ниеттерімізді қабыл етсін! – деп жазды олар.
Сондай-ақ, отбасы Ербаянның қазіргі жағдайын көрсететін фотосын жариялап, «Фотода Ербаянның бүгінгі хәлі. Шүкір» – деген жазба қалдырды.