4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Жітіқарада таргет арқылы есірткі жарнамалаған бойжеткен жеті жылға сотталып кетті

    22 Сәуір, 2026
    Жітіқарада таргет арқылы есірткі жарнамалаған бойжеткен жеті жылға сотталып кетті

    Фото: istockphoto.com

    Жітіқара аудандық соты телекоммуникация желілері мен онлайн-платформаларды пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз жарнамалаған қызды жеті жылға соттады.

    Іс материалдарына сүйенсек, ол 2025 жылдың маусым айында «Telegram» мессенджері арқылы «В» лақап атымен тіркелген тұлғамен байланыс орнатқан. Тергеу оның кім екенін анықтай алған жоқ. Содан кейін ол Жітіқара қаласында бола отырып, адамдар тобымен бірлесіп, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына адамдарды тарту мақсатында «Telegram» арқылы заңсыз жарнама таратқан. Сонымен қатар «TikTok» және «Instagram» әлеуметтік желілерін пайдаланып, жарнаманы ілгерілету үшін таргетологтарды тартқан және жаңа қатысушыларды қылмыстық әрекетке тартқаны үшін заңсыз сыйақы алып отырған.

    «Бұдан бөлек, 2026 жылғы 25 қаңтарда алдын ала сөз байласу арқылы анықталмаған тұлғамен бірлесіп, кейіннен сату мақсатында құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың аналогтары бар сәлемдемені алған», – деп хабарлайды сот.

    Сот үкім шығарарда бойжеткеннің әлі жас екенін және қылмысы үшін шын жүректен өкінетінін ескерген. Ол айыпталған екі баптың ауыр жазасын қосса, 18 жыл болады.

    «Сот іс бойынша барлық мән-жайларды, қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін және сотталушының жеке басын ескере отырып, оны жеті жылға соттады», – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    «Сот шешімі жоқ»: Қазақстанның құзырлы органдары блогер Қайсар Қамзаны елге әлі әкелген жоқ

    Келесі жазба

    Тоқаев Грузия президентімен кездесті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews