Энергетика министрі Қарашығанақ жобасына қатысты түсінік берді
ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев Қарашығанақ жобасына қатысты түсінік берді .
«Қарашығанақ жобасына қатысты газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау және газды жер қойнауына кері айдаудың 4-ші компрессоры жобасы сияқты инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Аталған жобаларды іске қосу Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБТК) мерзімінің соңына дейін қосымша 18,5 млн тонна сұйық көмірсутегін өндіруге мүмкіндік береді, инвестиция сомасы - 1 млрд 678 млн АҚШ доллары. Атап өтетін маңызды мәселе – Қарашығанақ бойынша көпжылдық келіссөздер аяқталды. Соның нәтижесінде Халықаралық консорциум Республикаға 1,3 млрд АҚШ долларын төлеп, өндірілетін өнімді бөлу әдістемесіне өзгерістер енгізді, бұл келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (2037ж.) бюджетке шамамен 600 млн долларын қосымша әкеледі», - деді министр.
Оның айтуынша, 2020 жылғы желтоқсан айында Қарашығанақ кен орнын кеңейтудің 1-кезеңі (ҚКЖ-1) ірі инвестициялық жобасын іске асыру бойынша Түпкілікті инвестициялық шешім қабылданды. Бұл газды жер қойнауына кері айдаудың 5-ші компрессорын іске қосуды ескере отырып, сұйық көмірсутегін өндіруді жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстауға бағытталады. Жобаның бюджеті 970 млн АҚШ доллары. Аяқталу мерзімі -2025 жыл.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ