4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қытайда тапсырыспен жаңбыр жауғызуға болады

    19 Мамыр, 2025
    Қытайда тапсырыспен жаңбыр жауғызуға болады

    Қытай ғалымдары Тянь-Шань етегінде жауын шақыру бойынша сәтті тәжірибе жүргізді.

    Қытай ғалымдары ауа райын басқару технологиясы аясында Синьцзян Ұйғыр автономиялық ауданында – Тянь-Шань тауының етегінде жауын-шашын мөлшерін жасанды түрде арттыруға қол жеткізді. Дрондардың көмегімен жүргізілген тәжірибе нәтижесінде жауын-шашын көлемі 4,3%-ға көбейген.

    Жер шарындағы орташа температура жыл сайын артып келеді. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) мәліметінше, парниктік газдардың көбеюі экстремалды табиғи құбылыстардың жиілеуіне және ауқымды экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ауа райын бақылау мен реттеу технологиялары маңызды шешімдердің біріне айналуда.

    Ғалымдар 5 мың метр биіктікке екі түрлі дрон ұшырып, олардың бортынан 125 граммдық блоктарға салынған күміс йодиді шашқан. Барлығы 997 грамм химиялық зат қолданылған. Йодид күмісі ауаға секундына 0,28 грамм жылдамдықпен тараған. Шашу жұмыстары Қытайдың батысындағы Баянбұлақ жайылымы үстінде жүргізілді.

    Эксперимент нәтижесінде 68 миллион литр қосымша жауын-шашын тіркелді. Бұл көлем 1,9 метр тереңдіктегі 30 олимпиадалық жүзу бассейнін сумен толтыруға жеткілікті.

    Зерттеу үш түрлі тәсіл арқылы тексерілді:

    Тікелей өлшеу: Жаңбыр тамшыларының диаметрі 0,46 мм-ден 3,22 мм-ге дейін үлкейгені байқалды. Спутниктік деректер бұлттардың жоғарғы бөлігінің 10°C-қа дейін салқындап, шамамен 2,8 км-ге көтерілгенін көрсетті.

    Климаттық деректерді талдау: Соңғы 50 жылдағы мәліметтер негізінде жауын-шашын көлемінің 78,2 мың м³-ге (яғни 3,8%) өсуі күтілген.

    Модельдеу әдісі: Компьютерлік болжам жауын-шашын көлемі 73,8 мың м³-ге (4,3%) артады деп көрсетті. Бұл нақты нәтижемен толық сәйкес келген.

    Жобаны Қытайдың Метеорология басқармасына қарасты Бұлттарды жауын-шашынға айналдыру физикасы және ауа райын модификациялау зертханасы басқарды. Зерттеу нәтижелері Desert and Oasis Meteorology атты ғылыми журналда жарияланды.

    Осындай тәжірибелер бұған дейін Қытайдың Гуйчжоу, Шанхай, Ганьсу және Сычуань өңірлерінде де жүргізілген. Ғалымдардың айтуынша, ауа райын басқаруға бағытталған бұл технология болашақта құрғақшылықпен күресте, ауыл шаруашылығын қолдауда және су ресурстарын тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов сотталды

    Келесі жазба

    Соңғы 20 жылда темекі шегушілер саны 300 миллионға азайған – ДДСҰ

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews