20 Қазан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 450.69 ₸
    EUR EUR 505.04 ₸
    RUB RUB 5.45 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов сотталды

    19 Мамыр, 2025
    Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов сотталды

    Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі сот мәдениет және спорт саласының бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановты 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

    Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келтірді деп танылды.

    Сот Қожағапановты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі — «ауыр салдарға соқтырған лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Бұған қоса, оған өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, сот, жергілікті басқару органдары мен Ұлттық банк жүйесінде лауазым иеленуге тыйым салынды.

    Іс 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумына байланысты қозғалған. Іс-шараны ұйымдастыруға бөлінген қаражаттың бір бөлігі тиімсіз жұмсалып, жымқыру белгілері анықталған.

    Аталған форумды ұйымдастыруға жауапты болған SUCCESS агенттігінің бас директоры Ляззат Көккөзова да сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі — «аса ірі көлемде алаяқтық жасау» бабы бойынша жауапқа тартылды.

    Сот екі сотталушының тергеу кезінде қамауда өткізген уақытын жаза мерзіміне толықтай есептеді.

    Айыптау тарапы, нақтырақ айтқанда мемлекеттік прокурор Арман Қызыкен сотқа дейін Қожағапановқа 7 жыл, ал Көккөзоваға 8 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын сұраған.

    Таңбалар: қылмыстық іс
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Паром апатқа ұшырап, 37 адам қаза тапты

    Келесі жазба

    Қытайда тапсырыспен жаңбыр жауғызуға болады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 451 теңгеден төмен түсті

    Миына қан құйылды деген қауесеттен кейін Ким Чен Ын киім көрмесіне барды

    Шымкентте автобус жолақысын 100 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

    Колумбияда заңсыз алтын кенішінің опырылуынан 14 адам қаза тапты

    «Балаға дауыс беріңіз»: алаяқтар мессенджердегі сілтемелер арқылы аккаунттарды бұзып жатыр

    Астана әуежайында жолаушыларды бет-әлпеті арқылы тексеру жүйесі енгізілуі мүмкін

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 450.69 ₸
    EUR EUR 505.04 ₸
    RUB RUB 5.45 ₸

    © 2025 TauNews