присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады

31 тамыз 2021 15:53
Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
 
 
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылады. Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамудың оң динамикасын атап өтті.
 
Екі ел басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. Қазақстан мен Беларусь Республикасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар аясында өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.
 
Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру