присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ЕGov ұялы қосымшасы арқылы цифрлық құжаттарға қолжетімділікті қайтарып алуға болады

31 мамыр 2022 11:26
ЕGov ұялы қосымшасы арқылы цифрлық құжаттарға қолжетімділікті қайтарып алуға болады

EGov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушылар цифрлық құжаттарға қолжетімділікті сыртқы платформаларда, яғни банктердің қосымшаларында пайдалануға рұқсатты қайтарып алуға болады .

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, еGov mobile қосымшасының жаңартуларында бір шертудің көмегімен цифрлық құжаттарға қолжетімділікті өшіру функциясы пайда болды. Жаңа баптаулар азаматтарға цифрлық құжаттарға қолжетімділікті қайтарып алуға және оларды басқа қосымшаларда, мысалы, банктердің қосымшаларында (бұрын келісім берген) пайдаланбауға және оларды тек eGov mobile қосымшасында пайдалануға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұл жаңартулар бюрократияны алып тастау және мемлекеттік қызметтерді 100 % смартфонға шығару бойынша ҚР Президентінің Жолдауы аясында жүзеге асты.

«Цифрлық құжаттар сервисін қазақстандықтар арасында танымал банк қосымшаларына шығарғаннан кейін, бізге eGov mobile-дан басқа қосымшаларда құжаттарды кайтарып алу және пайдаланудан бас тарту туралы сұрау салулар түсе бастады. Егер пайдаланушы бұрын өзінің цифрлық құжаттарына басқа қосымшаларда рұқсат берсе және кейін ойын өзгертсе, енді ол eGov mobile-дағы «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі «баптаулар» бөлімі арқылы қолжетімділікті қайтарып ала алады. Мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алу ыңғайлы болу үшін біз әрқашан пайланушыларымыздың сауалдары мен пікірлерін ескеруге тырысамыз»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жаңартуларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Әрі қарай:

«Цифрлық құжаттарды» ашу;

«Цифрлық құжаттарды баптау» тармағын таңдаңыз;

«Сандық құжаттарға қол жеткізу» бөлімінде берілген тізімнен «қол жеткізуді кері қайтару» түймесін басыңыз;

Әрекетті растау;

Сәтті кері қайтарып алу кезінде мәртебе «кері қайтарып алынды» күйіне жаңартылады.

Айта кету керек, тізім тек пайдаланушы бұрын соңды банктердің қосымшаларында (Halyk Homebank және Kaspi.kz т. б.) өз деректерін пайдалануға келісім берген болса ғана шығады.

Бұдан басқа, қайта пайдалану үшін цифрлық құжаттарға қолжетімділігі бар банктердің мобильді қосымшаларына кіріп, келісімді растау қажет.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру