присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жыл басынан бері жол апатынан 90 бала қаза тапқан

31 тамыз 2021 11:42
Жыл басынан бері жол апатынан 90 бала қаза тапқан
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев «Абайлаңыз - балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасының 1-кезеңі бойынша атқарылған жұмыстар туралы өткен брифингте айтты.
 
Республика жолдарында болатын әрбір 4-ші болатын жол апаты кәмелетке толмағандардың қатысуымен болып отыр. Жыл басынан бері осындай жол апатынан 90 бала қайтыс болып, 1860-ы жарақат алды. Мектеп оқушылары пандемия кезінде қашықтан оқуға ауысты. Осы кезеңде жасөспірімдер арасында профилактикалық шаралар да азайды. Осыған орай, ІІМ жол-көлік апатынан балаларды сақтандыру мақсатында оқу жылының басталуы қарсаңында «Абайлаңыз - балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүзеге асырылды, - деді Жандос Мұратәлиев.
 
Оның айтуынша, шара екі кезеңде жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда дайындық кезеңі қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл кезеңде білім беру мекемелерінің аумағындағы жұмыс, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық мүмкіндіктері зерттеледі. Іс-шара кезінде коммуналдық қызметкерлерімен жол маңайына 4 мыңнан астам тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті мекемелерге 2 мыңға жуық нұсқама берілді, - деді ол.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру