присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қытай халқы азайып жатыр

17 қаңтар 2023 17:31
Қытай халқы азайып жатыр

Қытай Мемлекеттік статистикалық бюроның мәліметіне қарағанда, елдегі халық саны былтыр 850 мыңға азайып, 1 млрд 411 млн 750 мың болды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай жағдай соңғы 60 жылда болмаған.

Қытай демографиялық дағдарысты бастан кешіп отыр. Оған қоса, өмір сүру жасы ұлғайғаннан зейнетке шыққан тұрғындар артып, керісінше бала туу көрсеткіші азайған. Бұған «бір отбасы – бір бала» саясаты да кесірін тигізді, –  делінген материалда.

2021 жылдан бастап мемлекет 3 балаға дейін рұқсат берген болатын. Сонымен қатар балабақша санын арттырып, қалаларда жас отбасылардың баспаналы болуына көмек көрсетіле бастады. Дегенмен бұл да айтарлықтай нәтиже берген жоқ.

БҰҰ-ның болжауы бойынша, Үндістан биыл халық саны жағынан Қытайды басып озады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру