присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ҰҚК Алматыда заңсыз жұмыс істеген криптоақша айырбастау орнын тапты

11 қазан 2022 09:49
ҰҚК Алматыда заңсыз жұмыс істеген криптоақша айырбастау орнын тапты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткімен айналысатын топтардың қылмыстық жолмен келген қаржыларын «тазарту» мақсатында қолданатын криптоалаңды анықтау және бейтараптандыру бойынша алғашқы арнайы операциясын жүргізді.

Операция 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан мен Ресейдің «есірткі нарығын» психотроптық заттармен қамтамасыз етіп отырған жасырын есірткі лабораториясын жоюдан басталды. Заңсыз айналымнан есірткінің рекордтық партиясы – 188 келі «мефедрон» алынды.

Арнайы қызмет қылмыстық капиталды Қазақстаннан тыс шығару мен оны «тазарту» схемаларын анықтау бойынша шараларды қолға алды. Ақша аударымдары қаржылық айналымда қажетті деңгейде айқындалмаған криптовалютада жүргізілгені қиындықтар тудырғанын атап өту қажет.

ҰҚК қылмыстық тізбектің барлық қатысушыларын анықтау арқылы, «биткойндарды» қолма-қол ақша қылатын криптоақша айырбастау орнын тапты. Бұл ұйым Алматыдағы әртүрлі ақша айырбастау орындарының қызметкерлері арқылы ақшаны қолма-қол беріп отырғаны белгілі болды.

Нәтижесінде қылмыстық схеманы ұйымдастырушы мен оның жақтастары ұсталды.

Мемлекет кірісіне қылмыстық топтардың есірткі іс-әрекетінен тапқан криптовалютадағы 68 млн теңге қаржысы өткізілді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру