присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Үкімет банктерге жыл соңына дейін қолма-қол рубльді шетелге шығаруға рұқсат берді

14 шілде 2023 17:35
Үкімет банктерге жыл соңына дейін қолма-қол рубльді шетелге шығаруға рұқсат берді

Қазақстан үкіметі банктерге елден қолма-қол ресей рублін әкетуге рұқсат берді, министрлер кабинетінің тиісті қаулысы нормативтік актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

"Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады", - деп жазылған 11 шілдеде қабылданған құжатта.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" жарлығымен елден 10 000 доллардан асатын қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған болатын.

Кейінірек реттеуші қолданыстағы тыйымға байланысты республика банктерінде ішкі валюта нарығында сұраныстан асып түсетін көлемде қолма-қол рубль жинақталғанын хабарлады. Осыған байланысты үкімет бірнеше рет ресейлік валютаны әкетуге бір реттік рұқсат берді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру