присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

1 шілдеден бастап сұйытылған газ қымбаттайды

26 маусым 2023 16:34
1 шілдеден бастап сұйытылған газ қымбаттайды

Ашық НҚА порталында «Қазақстан Республикасының жанармай құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге бағаны уақытша мемлекеттік реттеуді енгізу туралы» бұйрыққа өзгерістердің әзірленгені жарияланды.

Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын ҚҚС-ты қосқанда 1 литріне 4 немесе 6 теңгеге қымбаттату ұсынылып отыр.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі автогаздың көтерме бағасын 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін қымбаттатуды жоспарлап отыр. ҚҚС (20%-ға) тиісінше бөлшек сауда бағасының 1 литріне 4 теңгеге (ҚҚС-пен) өседі, – делінген хабарламада.

Осылайша, Астана қаласында автогаздың бағасы литріне 70 теңгеден 76 теңгеге, Алматыда 75 теңгеден 81 теңгеге, Шымкентте 60 теңгеден 64 теңгеге дейін көтеріледі. Өңірлерде автогаз бағасы облыстың шалғайлығына байланысты өзгеріп отырады.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында баға елді мекеннің шалғайлығына байланысты тиісінше 70-75 теңгеден 76-81 теңгеге, Атырау облысында 50-55 теңгеден 54-59 теңгеге, Алматы облысында 75-80 теңгеден 81-86 теңгеге, Солтүстік Қазақстан облысында 75-80 теңгеден 81-86 теңгеге, Маңғыстау облысында 50-55 теңгеден 54-59 теңгеге дейін өседі.

Құжат 12 шілдеге дейін Ашық НҚА порталында талқыланады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру