присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

339 880 бала қабылданған: бүгін 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі аяқталды

01 тамыз 2023 12:18
339 880 бала қабылданған: бүгін 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі аяқталды

Бүгін Қазақстанда 1-сыныпқа оқушылардың құжаттарын тапсыруға берілген 4 ай мерзім аяқталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Құжаттарды қабылдау толық 4 ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын. Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы 1-сыныпқа қабылданды, - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, өтініш берішулердің 70,7 пайызы мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы іске асты.

1-сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3 пайыз) және Павлодар (97,6 пайыз), Шығыс Қазақстан (96,6 пайыз) облыстарында тіркелді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру