присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«8 тұлға жапа шеккен»: Қызылордада 3 әйел ұсталды

27 маусым 2023 17:30
«8 тұлға жапа шеккен»: Қызылордада 3 әйел ұсталды

Қызылорда облысында бір топ әйел ұсталды.

Жалған аккаунт арқылы ер азаматтармен танысқан қыздар олардан ақша бопсалаған.

Полицияға ер азамат арызданып, сәуір айынан бастап белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен хаттар үшін 500 мың теңге талап еткендігін айтқан.

ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен кешенді жедел – іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде облыстың үш тұрғыны ұсталды. Facebook-те жалған аккаунт құра отырып, бұл әйелдер әлеуметтік желілерде абыройға кір келтіретін мәліметтерді таратпау үшін ақы сұраған.

Бопсалаушылардан барлығы 8 тұлға жапа шеккен. Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді.

ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру басталды. Екі күдікті әйел УҰИ-ға қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас деректерге қатыстылығы тексерілуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру