Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың балалары лагерьде демалады
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың балалары жазда лагерьде демалу үшін тиісті тапсырма бердім. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
Абай облысындағы алапат өрт салдарынан қаза болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына, жақын туыстарына қайғырып, көңіл айтамын. Бұл – барша қазақстандық үшін аса ауыр қайғы, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, президенттің тапсырмасына сәйкес министрлік бірқатар шара қабылдаған.
«Оқиға болған аймақта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күш жұмылдырылып жатыр. Осы күндері министрліктің аумақтық департаменті, Балалардың құқығын қорғау комитетінің және облыстық білім басқармасының өкілдері балалармен жұмыс жүргізуде.
Сондай-ақ Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайды ұйымдастыру тапсырылды, - деді министр.
Ғани Бейсембаев қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала барын атап өтті.
«Бүгінде олар отбасыларымен бірге Семей қаласындағы екі колледжге орналастырылған. Сондай-ақ эвакуацияланған 9,11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Олар үшін мектеп бітіру емтиханы Семей қаласында ұйымдастырылады», - деді басшы.
Министр өрттен қаза тапқандардың балаларына білім алу үшін тиісті көмек берілетінін жеткізді.
Апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары жаңа оқу жылында білім алу үшін еш кедергі болмайды. Оларға мектеп формасымен, қажет оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатын болады. Балалардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің бақылауында, - деді Ғани Бейсембаев.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ