Ақмола облысында полиция күшейтілген режимге ауысты
Қатты аязға байланысты Ақмола облысында полиция күшейтілген режимге ауысты.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ПД басшылығы 400-ден астам полицейді күшейтілген патрульдеуге бағыттады. 7 желтоқсанда сағат 18:00 шамасында температураның -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттарында дизель жанармайымен жұмыс істейтін, іштен жану қозғалтқышы бар көліктері үшін қозғалысты шектеу енгізілетін болады.
Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды. Басшылық балалар топтарын тасымалдайтын компанияларға мұндай ауа-райында қозғалу қауіпті екенін ескертуді тапсырды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ