Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық істі тергеді. 2022 жылдың наурыз айында Д.И. Дәулетов, А.Т. Жанасаевтың жетекшілігімен құрамында К.А. Құдасов, О.Б. Жайлаубай және басқа да мүшелері бар қылмыстық топ Аuto Seller ЖШС деген атпен автокөліктерді жоғары бағамен сатып алып, төмен бағамен сатумен айналысатын қызметті бүркемелеп, қаржы пирамидасын құрған.
Аuto Seller ЖШС-нің басшылары автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) 2-3 ай ішінде тең бөліктермен төлей отырып, нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасып, олардың автокөліктерін 20%-ға қымбат сатып алуды ұсынған. Осыдан кейін бұл автокөліктер көлікті сатуды іске асыратын жаңа тұлғаларға қаражатты одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы – 404 млн теңге.
Сот Д.И. Дәулетовті 9 жылға, А.Т. Жанасаевты 8 жылға, К.А. Құдасовты 7 жылға және О.Б. Жайлаубайды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ