присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтауда 800-ден астам аққу қырылды: Rixos Aktau қонақ үйі тексеріліп жатыр

10 қаңтар 2024 15:16
Ақтауда 800-ден астам аққу қырылды: Rixos Aktau қонақ үйі тексеріліп жатыр

Қаракөл өзеніне жіберілетін суды зерттеу кезінде зиянды заттардың шамадан тыс мөлшері анықталды. Соның негізінде Rixos Aktau қонақ үйіне қатысты тексеріс басталды.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қаракөлдің жағасынан 826 аққудың өлексесі табылған. Бұған дейін мамандар жүздеген аққудың құс тұмауынан қырылғанын мәлімдеген еді. Ал әлеуметтік желіде Rixos Aktau қонақ үйінен көлге түсетін құбырдың видеосы тарады. Халық көлге зиянды қалдықтардың төгіліп жатқанын жарыса жазды. Соның салдарынан аққулар қырылып жатыр деген болжам да жасалды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Rixos Aktau қонақ үйіне қатысты жоспардан тыс тексерістің басталғанын хабарлады. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жомарт Әлиевтің айтуынша, зертханалық талдау кезінде Қаракөлге төгіліп жатқан судың құрамында зиянды заттардың шамадан тыс мөлшері анықталған.

Соның негізінде Rixos Aktau қонақ үйіне қатысты жоспардан тыс тексеріс басталды. Тексерістің нәтижесі бойынша тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, әкімшілік істер қозғалады, - деді Әлиев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру