Академиялық ортадағы жасанды интеллект
Жаңа оқу жылы басталмас бұрын Академиялық Адалдық Лигасы мен Maqsut Narikbayev University академиялық қызметтегі жасанды интеллект тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді.
Бұл іс-шара онлайн-форматта ұйымдастырылып, білім берудегі жасанды интеллект рөлі мен оның этикалық аспектілерін талқылау үшін Қазақстанның әртүрлі ЖОО-ларынан (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, AlmaU, KBTU, MNU, UIB, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Satbayev University, SDU, Zhubanov University, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) жетекші мамандар мен ғалымдарды жинады.
Тақырыпты жан-жақты қарастыру үшін Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебі, Жоғары құқық мектебі мен Жоғары гуманитарлық мектебінің спикерлері шақырылды. Қарастырылған тақырыптар:
- «Elaborating AI policy from the Global South perspective» - Ikboljon Qoraboyev, Халықаралық экономика мектебінің Associate Professor;
- «Сыни ойлау дағдыларын дамытудағы жасанды интеллекттің тәуекелдері мен пайдасы» - Любовь Сартакова, Халықаралық экономика мектебінің Senior Lecturer;
- «Академиялық саладағы Сhat GPT: жау немесе дос» - Abay Abylaiuly, PhD, Жоғары құқық мектебінің Assistant professor;
- «The Use of Artificial Intelligence in Teaching English Language» - Бабаева Юлия, Жоғары гуманитарлық мектебінің Senior lecturer.
Академиялық Адалдық Лига жобалық кеңсесінің жетекшісі Маханбаева Нұргүл Нұрланқызы атап өткендей, «Академиялық ортадағы жасанды интеллект — этика мен пайдалану шегі туралы ойланатын адамға шексіз мүмкіндіктері бар құрал. Жасанды интеллектті мұқият және ақылды пайдалану арқылы біз білім мен оқудың жаңа көкжиектеріне есік аша аламыз, алайда адам даналығы мен машиналық интеллект арасындағы үйлесімділікті сақтауды ұмытпаған жөн».
Бұл дөңгелек үстел қатысушылары үшін білім беруде жасанды интеллектті қолдану перспективаларын талқылауға, сондай-ақ оны пайдалануға байланысты этика мәселелерін қарастыруға тамаша мүмкіндік болды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ