Алматы облысында шетелдікті бопсалаған топ ұсталды
Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірге Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қаласында азаматтарды бопсалаумен айналысқан топты ұстады. Топта 21-46 жас аралығындағы 7 адам болған.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, бұл факті полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы («Бопсалау») бойынша тіркелген.
Күдіктелер биыл 11 наурызда Қаскелең қаласындағы қоймалардың бірінде шетелдік азаматты ұрып, қоқан-лоққы жасап, ірі көлемде ақша бопсалаған, – деді Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр.
Оның айтуынша, күдіктілер көп ұзамай, ұсталып, қамауға алынды. Қазір күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесі бойынша іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ