Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады
Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады.
Осылайша «Азимут» әуе компаниясы 2023 жылдың 28 маусымынан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды.
Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалады.
Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады деп жоспарланған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ