присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ 11,7 млрд теңгені ұрлаған

23 қаңтар 2024 11:43
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ 11,7 млрд теңгені ұрлаған

Алматыда банктік шоттардан ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ойдан шығарылған мәмілелер бойынша шот-фактураларды жазумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің қалалық департаменті осы іске қатысы бар адамдарды тергеп, А.Абдуллаев басқарған топтың 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі жүйелі түрде 15 компания мен 170-тен астам жеке кәсіпкердің банктік шоттары арқылы 11,7 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды. Топ бес адамнан тұрған.

Сот үкімімен ҰҚТ-ты ұйымдастырушы мен оның басқа бір мүшесі кінәлі деп танылып, олар 6 және 7,5 жылға сотталды. Кінәлілерге жалпы режимдегі колонияда мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу кезінде осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы үш мүшесіне халықаралық іздеу жарияланды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру