присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды – ТЖМ

23 қаңтар 2024 10:53
Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды – ТЖМ

Сейсмикалық болжау комиссиясы мәліметіне сәйкес, Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов айтты.

Министрдің айтуынша, 23 қаңтар түнгі сағат 00:09-да эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғыз және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді.

«Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 3 сейсмикалық оқиға тіркелді (сағат 00:09-да, 00:42-де және 01:36-да), олар Алматы қаласында – 5, Шымкент қаласында – 2, Жамбыл облысында – 2-3 және Жетісу облысында – 4 балл. Алдын ала мәліметтер бойынша ғимараттар мен құрылыстар бұзылмаған.

Министрдің төрағалығымен Төтенше жағдайлар министрлігінде республикалық жедел штаб ашылды. Осындай штабтар аумақтарда жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтарымен жедел желі телефондары ұйымдастырылды», - деді министр Үкімет отырысында.

Сырым Шәріпханов Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайтынын атап өтті.

Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі болмайды. Осыған байланысты өңір тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөзге сенуін сұраймын, - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні бірнеше рет жер сілкінді. Алғашқысын қала тұрғындар 23 қаңтар cағат 00:05 шамасында сезді.

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сағат 00:42-де екінші жер сілкінісін тіркеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру