Астана мен Бурабайдың ауасы өте жоғары деңгейде ластанған
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылдың екінші тоқсанындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат бюллетенін жариялады.
2023 жылғы 2-тоқсанда 69 елді мекеннің ішінен 18 елді мекен атмосфералық ауаның төмен ластану деңгейіне, 23 елді мекен көтеріңкі ластану деңгейіне, 23 елді мекен жоғары ластану деңгейіне, 5 елді мекен өте жоғары ластану деңгейіне жатқызылды, - деп жазылған ақпарат бюллетенінде.
Нақты айтқанда, ластанудың өте жоғары деңгейі Қарағанды, Алматы, Астана, Абай қалалары мен Бурабай кентінде тіркелген.
Ал ластанудың жоғары деңгейіне 23 елді мекен (Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Орал, Тараз, Талдықорған, Петропавл, Теміртау, Жезқазған, Ақтау, Қандыағаш, Хромтау, Сәтбаев, Рудный, Арқалық, Құлсары, Лисаковск, Түркістан, Талғар қалалары, Мақат, Индербор кенттері, Кеңкияқ, Жаңбай ауылдары) жатқызылып отыр.
Көтеріңкі деңгейдегі ластану Атырау, Балқаш, Семей, Павлодар, Риддер, Аягөз, Ақсай, Көкшетау, Степногорск, Жаңатас, Жаркент, Қостанай, Жітіқара, Саран, Шемонаиха, Жаңаөзен қалалары мен Сазтөбе, Әуезов, Қарабалық, Шұбаршы кенттерінде, Бейнеу, Қызылсай, Ганюшкино ауылдарында тіркелген.
Ластанудың төмен деңгейі Атбасар, Щучинск, Алтай, Ақсу, Шу, Кентау, Қаратау, Қызылорда, Арал, Екібастұз қалаларында, Глубокое, Ақсу, Төретам, Әйтеке би кенттерінде, Қордай, Бөрлі, Ақай, Шиелі ауылдарында байқалған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ