Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады
Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады.
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады. Осылайша, «Red Wings» әуе компаниясы биыл 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері, яғни аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.
Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ