Астанада адам көп жүретін аумақтан заңсыз діни әдебиеттер дүкені ашылған
Астанада Дін істері комитетінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмейтін кітаптарды заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде «Артем» орталық базарының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз әдебиеттер дүкені ашылғанын анықтады.
Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы («Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, өндіру, шығару, басып шығару және (немесе) тарату») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремистік идеяларды насихаттайтын адамдарды, сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізіп тұратынын ескертеді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ