Астанада ауа райына байланысты тегін ыстық түскі ас пен такси ұйымдастырылды
Аязды ауа райына байланысты елордалық мешіттер «10 игі іс» акциясын қолдап, адамдарды тегін тасымалдайды және коммуналдық қызмет мамандарын ыстық түскі аспен қамтамасыз етеді.
Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.
Мұндай акцияларды өткен жылдары да ұйымдастырғанбыз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға көмек қолын созғымыз келеді. Өзге жүргізушілерді акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз, – деп атап өтті Астананың бас имамы Ерболат Жүсіпов.
Еске сала кетсек, осыған дейін елордалық еріктілер тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ тарату акциясын бастаған болатын. Олар аялдама кешендерін аралап, автобус салондарында кондукторларға, жүргізушілерге және жолаушыларға ыстық шай мен бауырсақ таратқан.
Қала тұрғындары эстафетаға қолдау көрсете алады. Сол сияқты, ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен ақпараттар немесе видеолар жариялай алады.
Қазір Астанада әлі саршұнақ аяз сынбай тұр. Ауа температурасы -30 градустан түскен жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтарының абай болғаны, жарақат алып, үсік шалмас үшін көшеде ұзақ уақыт жүрмегені жөн.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ