Атасы келіні үшін 6 млн теңгесінен айырылды
Көкшетауда 80 жастағы қала тұрғынының ақшасын алдау арқылы иемденген ер адамға қатысты үкім шығарылды.
Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, зейнеткерге келінінің жол апатына ұшырағаны туралы жалған әңгіме айтып, бұл мәселені шешеміз деген сылтаумен оның 6 млн теңгесін иемденіп алғаны анықталды.
Сот 21 шілдеде ер адамды 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазір «Дроппер» деп аталатын алаяқтардың түрі қарқын алып жатыр. Схема бойынша алаяқтар телефон арқылы қоңырау шалып, туыстары апатқа және басқа да қиын өмірлік жағдайларға түскенін айтып, ақшалай көмек сұрайды.
Осыған байланысты, қала прокуратурасы сақ болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ