Атырау қаласы екіге бөлінуі мүмкін – облыс әкімі
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Атырау қаласының екіге бөлінуі мүмкін екенін айтты.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, облыс басшысы Үкімет қаулысымен бекітілген Атырау қаласының даму жоспары сәйкес, алдағы уақытта қаланы екіге бөлу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.
Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, қазір Атырау қаласының халқы 400 мыңнан асып кетті. Жоспарға сәйкес, халық саны өскен кезде әкімшілік-аумақтық құрылым айқындалуы мүмкін.
Атырауда Жайық өзені бар. Ол қаланы екі бөлікке бөліп жатыр. Осыған байланысты қаланы екі бөлікке бөлуге қатысты көзқарасымыз бар, – деді ол.
Сонымен бірге ол қаланы екіге бөлу мәселесінде халықтың пікірі ескерілетіндігін ескертті.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ