Батыс Қазақстан облысында Ауғанстанның азаматтары ұсталды
Батыс Қазақстан облысында заңсыз мигранттар ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша бүгін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірігіп, мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпекші болған Ауғанстан елінің 4 азаматын ұстады.
Шетел азаматтарына қатысты ҚР ҚК-нің 514-бабы 2-бөлігіне («Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара режимiн бұзу») сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұсталғандардың айтуынша, олар жақсы табыс табу үшін Еуропа Одағы елдеріне барғысы келген.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ