Депутаттардың бірі сабақта оқушылардың телефон ұстауын шектеуді, екіншісі мүлде тыйым салуды ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.
Заң жобасын депутат Асхат Аймағамбетов таныстырды.
Ата-аналардан көп түсетін шағымның бірі – оқушылырдың бағалары мен үй тапсырмаларына тегін қол жеткізу мәселесі. Бұл тақырыпта бірнеше депутаттық сауалдар жарияланған еді. Осыған байланысты заң жобасында оқушылардың бағалары мен үй тапсырмалары түралы ақпаратты ата-аналарға тегін беру туралы нақты міндеттер белгіленіп отыр. Ұстаздармен болған кездеулерде түскен тағы бір мәселе – оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануы және оны тыю бойынша заңнамада нақты шектеулердің болмауы. Сондықтан сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы арнайы норма да жобаға енгізілді, - деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.
Оның пікірінше, заң жобасын қабылдау білім беру және жетім балалардың құқығын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді
Жалпы отырыста депутат Ардақ Назаров мектепте оқушыларға телефон қолдануға мүлде тыйым салуды ұсынды. Мәселеге Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.
Біздің заңда ұсынып отырған нормамыз – тек сабақ кезінде шектеу туралы. Мектепке телефонды алып келіп, үзілісте оны қолдануға шектеу жоқ. Оқушылар үзілісте ұялы телефонды қолданамын десе, қолданады. Тек сабақ үстінде қолданбауы керек. Сабақ кезінде бала тек сабағын оқуы керек. Tık Tok пен Instagram-да отырып, басқа дүниелермен айналысуға нақты шектеу қойылып отыр. Ал шектеудің ішінде егер мұғалім сабақ жоспары бойынша «телефонды рұқсат етсе» дегенді енгіздік. Неге? Себебі қазір заманауи мұғалімдер бар. Олар сабақта инновациялық технологияны қолдану үшін смартфонды пайдаланғылары келсе, онда шектеу жоқ.
Ал жалпы мектепте шектеу мәселесі әлі қарастырылған жоқ. Ол қосымша ұяшықтарды, материалдарды қажет етеді. Сондықтан біз (мүлде тыйым салу) мәселесін қарастырып отырған жоқпыз», - деді депутат.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ